Текст
10 желтоқсанда адам құқықтары күні атап өтіледі. 1948 жылы дәл осы күні Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдады. Бұл - нәсіліне, түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе басқа да сенімдеріне, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік немесе басқа да ұстанымдарына қарамастан әр адамға тән ажырамас құқықтар жарияланған дәуірлік құжат. Декларация әлемдегі кез-келген құжатқа қарағанда жиі аударылады: оның 500-ден астам тілдегі мәтіні бар.
2020 жылғы құқықтар күнінің тақырыбы: адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуді қалпына келтірудің тиімділігі, Covid-19 пандемиясымен байланысты және қазіргі жаһандық жағдайдағы адам құқықтарын сақтау қажеттілігіне бағытталған.