«Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы көпсалалы инновациялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Государственное коммунальное казенное предприятие «Многопрофильный инновационный колледж при управлении образования Акмолинской области».

Колледжде ЕБҚҚ бар студенттердің психологиялық бейімделуіне және әлеуметтенуіне жағдай жасау

04.12.2020

Тәрбие жұмысының шеңберінде, 2020 жылдың қараша айында «Красный Яр ауылы, агротехникалық колледжі» МКҚК психологі ата-аналар қауымына «Колледжде ЕБҚҚ бар студенттердің психологиялық бейімделуіне және әлеуметтенуіне жағдай жасау» тақырыбында слайд-дәріс оқыды.

Бірінші кезекте, ата-аналарға колледждегі 1 курс студенттерін әлеуметтендіру және бейімделу процесінің мәні туралы түсінік берілді. 2016 жылы колледж базасында құрылған инклюзивті білім берудің ресурстық орталығы туралы ақпарат жарияланды, орталақтың мақсаты жұмысшы мамандықтарын оқытудың жаңа технологиялары мен әдістерін енгізу болып табылады. Ата-аналар Ақмола облысы білім беру басқармасының «Көкшетау қаласындағы ақыл-ойы артта қалған және интеллектуалды дамуы бұзылған балаларға арналған №1 облыстық арнайы түзету мектеп-интернаты» КММ-мен ресурс орталығының ынтымақтастығы туралы білді. «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» мемлекеттік мекемесі мамандарымен колледж өзара әрекеттесу мүмкіндіктері бөлек атап өтілді.

Әрі қарай, ата-аналарға ҚША (қозғалысы шектеулі адамдар) үшін кедергісіз физикалық қол жетімділік туралы, колледжде арнайы білім беру қажеттіліктері бар студенттердің жағдайын жасау және өмір сапасын жақсарту үшін студенттер өздерін жайлы, қауіпсіз және жайлы сезінуі үшін не істегені туралы ақпарат берілді.

Сонымен, колледждегі ЕБҚҚ студенттерін жан-жақты психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік қолдаудың нәтижесі мен мақсаты кәсіптер мен мамандықтарға оқыту арқылы қоғамға оңтайлы даму, интеграциялану жағдайларын қамтамасыз ету болып табылады. «Красный Яр ауылы, агротехникалық колледжі» МКҚК-ның барлық командасы осы бағыттағы жұмысты жалғастыруда.

Просмотров: 647


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст