«Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы көпсалалы инновациялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Государственное коммунальное казенное предприятие «Многопрофильный инновационный колледж при управлении образования Акмолинской области».

Қазақстан Республикасы колледждерінің "TOP 100 студенті"

27.11.2020

Екінші жыл қатарынан "Красный Яр ауылы, агротехникалық колледжі" МКҚК студенттері Қазақстан Республикасы колледждерінің "TOP 100 студенті" қатарына кіреді. Биылғы жылы да Ақмола облысынан "фермер шаруашылығы" мамандығы бойынша білім алып жатқан Дондыхан Әли Мұратұлы осы байқауда жеңімпаз атанды.

       "Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік ТОР 100 студенті" байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ҚР білім және ғылым вице-министрі Шолпан Таңатқызы Каринованың онлайн форматтағы құттықтауымен басталды.

      Ақмола облысының жеңімпаздарын білім басқармасының басшысы Б. А. Жүсіпов құттықтады. Марапаттау рәсімінде Әлиге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің дипломы, Ақмола облысы білім басқармасының дипломы мен 50000 теңгеге сертификат табыс етілді.

    Дондыхан Әли колледждің әлеуметтік серіктесі "Қанай Би-1" ЖШС директоры Т. М. Қабдуловтан  жұмысқа орналасуға жолдама алды.

     Байқаудағы жеңісімен колледж басшысы С. О. Сейтқалиева құттықтап, қол жеткізген жетістіктері мен жеңістері үшін оған оқу орнынан алғыс хат пен 25000 теңгеге сертификат табыс етті.

    Әлиді үлкен жеңісімен құттықтаймыз! Болашақта толағай табыстар, үлкен жетістіктер тілейміз! Біздің студенттер- біздің мақтанышымыз! Оқу орнының жетістігі студенттер мен инженерлік-педагогикалық ұжымның жетістіктерінің арқасында қалыптасады!

Просмотров: 740


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст