«Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы көпсалалы инновациялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Государственное коммунальное казенное предприятие «Многопрофильный инновационный колледж при управлении образования Акмолинской области».

2017 жылдағы мемлекеттік қызметкерді көрсету мәселелері жөніндегі «Көкшетау қаласы, Красный Яр селосы, №3 агротехникалық колледжі» КММ қызметі туралы есебі

05.03.2018

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 2017 жылда «Көкшетау қаласы, Красный Яр селосы, №3 Агротехникалық колледжі» КММ - де 638 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызметтердің стандарттарына сәйкес колледжбен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер ақысыз негізде ұсынылатынын атап өткен жөн.

2017 жылыдың қорытындылары бойынша келесі қызметтер атқарылды:

1)Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi білім беретін ұйымдарына құжаттар қабылдау – 125 талапкерге қызмет көрсетілді;

2) Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру бойынша –  153 қызмет көрсетілді;

3) Техникалық және кәсiптік бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру-15 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, есеп беру мерзімінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация арқылы  атқарылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің бұзылуы, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорация арқылы шағымдар түскен жоқ;

4) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру-1 қызмет

көрсетілді;

5) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру

ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау-9 қызмет көрсетілді;

6) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау -5 қызмет көрсетілді;

7) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғарғы білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім

алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну – 329 қызмет көрсетілді;

8) Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру – 1 қызметтері көрсетілді;

Ай сайынғы негізде тұрғындарды ақпараттандыру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат

қызмет берушілердің интернет-ресурсы арқылы жұмыстар жүргізіледі. Колледж сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі бар, онда мемлекеттік қызметтердің стандарттары және регламенттері, сондай-ақ қызмет алушылар үшін қажетті ақпараттар орналастырылған. Колледжде ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызметтердің стандарттары және регламенттері орналастырылған.

Колледжде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында, мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің

айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған мәжіліс және консультациялар өткізіледі.

       2017 жылы Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны

– 1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының мәселелері бойынша 1 семинар – кеңес жүргізілді. Мемлекеттік

қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсініктеме беру іс - шараларымен халықты қамту -57. Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы газеттерде және басқа да мерзімдік басылымдарда -1 мақала жарияланды.

            Колледжбен ұсынылатын мемлекеттік қызмет сапасына ішкі бақылау тұрақты негізде жүзеге асырады. Құқықтық актілерге колледжде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасайтын жауапты тұлға белгіленген. Ай сайын мемлекеттік қызмет көрсетудің уақытылы болу және сапасының мониторингі жүргізіледі.

       2017 жылы 24 қарашасында Ақмола облысы білім басқармасы тарапынан колледжде мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша бақылау жұмыстары жүргізіліп, тәртіпке келтірілді.

       Мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы қызмет көрсету жұмыстары жалғастырылуда.

Просмотров: 554


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст