«Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы көпсалалы инновациялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Государственное коммунальное казенное предприятие «Многопрофильный инновационный колледж при управлении образования Акмолинской области».

WorldSkills Аqmola – 2021 аймақтық чемпионатының соңғы конкурстық күнінің қорытындысы

01.04.2021
Бүгін "Красный Яр ауылы, агротехникалық колледжі" МКҚК колледжінде өтіп жатқан WorldSkills Аqmola – 2021 аймақтық чемпионатының соңғы конкурстық күнінің қорытындысы шығарылды.
"Слесарлық іс" құзыреттілігі бойынша келесі орындар тағайындалды:
I орын-Матченко Никита ("Красный Яр ауылы, агротехникалық колледжі" МКҚК ),
II орын – Езов Владислав Николаевич (Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжі),
III орын-Артеменко Евгений Игоревич ("Ерейментау қаласы, агротехникалық колледжі" МКҚК );
"Ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және қызмет көрсету" құзыреті бойынша:
I орын-Ткаченко Дмитрий Сергеевич (Есіл қаласы, агротехникалық колледжі МКҚК)
II орын-Демьянив Роман Михайлович ("Красный Яр ауылы, агротехникалық колледжі " МКҚК),
III орын – Кузьменко Антон Михайлович ("Щучинск қаласы, экология және туризм, орман шаруашылығы жоғары колледжі " МКҚК).
Байқау соңында білікті сарапшылар мен тәлімгерлердің жұмыс сәттерін, тапсырмаларды дайындау мен орындаудың сапасын талқылауы өтті, өткен чемпионатқа талдау жасалды.
Колледж басшысы Сейітқалиева Сайран Өмірзаққызы WorldSkills Аqmola – 2021 кәсіби шеберлік конкурсына белсенді қатысқандары үшін сарапшылар мен қатысушыларға алғысын білдіріп, колледж атынан барлық қатысушыларға естелік фото және бейнематериалдар жинақталған дискілерді табыс етті.
Жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз!
 
Просмотров: 559


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст