Текст
Бүгін Красный Яр ауылының "Көкше" мәдениет үйінде техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында ауыл шаруашылығы саласы бойынша I Республикалық кәсіптік шеберлік конкурсының салтанатты ашылуы өтті.
Конкурс біздің колледж базасында 14-17 қазан аралығында "Ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және қызмет көрсету", "Слесарлық іс", "Дизельді қозғалтқыштарды жөндеу және қызмет көрсету" бойынша үш құзыреті бойынша өтеді. Еліміздің 16 өңірінен 36 педагог Үздік атағы үшін жарысады. Қатысушылардың жұмысын 27 сарапшы бағалайды.